О. Жұмабеков атындағы тірек (ресурстық) мектебінде 1-қазан – Халықаралық қарттар күніне орай 10 “А” сынып оқушыларының қатысуымен “Қарттар – асыл қазынам” атты тәрбие сағаты өткізілді.

Іс-шараның мақсаты – оқушыларды үлкенді сыйлауға, қарттарға құрметпен қарап, адамгершілік пен ізеттілікке тәрбиелеу. Тәрбие сағатына өмірлік жолы мен тәжірибесі мол ардагер қарттар арнайы шақырылып, оларға құрмет көрсетілді. Оқушылар қонақтарға өз өнерлерін көрсетіп, ән мен жырдан шашу шашты. Қариялар өз өмірлерінен естеліктер айтып, ақ баталарын берді.

Сынып жетекшісі: Бейсембаева А.