Ағартушы, ғалым, саяхатшы, тарихшы, публицист, лингвист, этнограф, археолог әрі музыка зерттеушісі Шоқан Уәлиханов
О. Жұмабеков атындағы тірек мектебінде биыл көрнекті ағартушы, ғалым, саяхатшы, тарихшы, публицист, лингвист, этнограф, археолог әрі музыка зерттеушісі Шоқан Уәлихановтың туған 190 жыл толуына орай бірқатар іс-шаралар ұйымдастырылуда.
Осыған орай 8 “А” сынып оқушылары (сынып жетекшісі – Л. Беспаева)
ұлы тұлғаның өмірі мен ғылыми мұрасын насихаттау мақсатында 8”А” сынып сағатын өткізді.
Сабақ барысында оқушылар Шоқан Уәлихановтың халқына сіңірген еңбегі мен ғылымдағы ізденістері жайлы мағлұматтармен бөлісіп, тұлғаның жас ұрпаққа үлгі болатын өмір жолын талқылады.
Шоқан – өз халқының тарихын, мәдениетін, салт-дәстүрін зерттеп, әлемге танытқан бірегей ғалым.
Бүгінгі ұрпақ үшін ол – білімге, ғылымға, жаңашылдыққа ұмтылыстың символы.
Біз де осы жолды жалғастырып, ел игілігіне қызмет етуге тиіспіз!



