Өзін-өзі басқару ұйымының «Дебат қозғалысы» фракциясы мектепішілік пікірсайыс сайысын ұйымдастырды. Іс-шараның мақсаты – оқушылардың сыни ойлау қабілетін дамыту, сөз сөйлеу мәдениетін қалыптастыру және көшбасшылық дағдыларын жетілдіру. Пікірсайысқа 8–10 сынып оқушылары белсенді қатысып, «Үкімет» және «Оппозиция» топтары өз ұстанымдарын дәлелдеуде жоғары дайындық көрсетті. Сайыс қорытындысымен үздік спикерлер мен жеңімпаз топтар марапатталды.