23 қаңтар күні “Заң және тәртіп” айлығы аясында оқушылардың құқықтық сауаттылық деңгейін анықтау мақсатында “Сен өз құқығыңды білесің бе?” атты сауалнама жүргізілді. Сауалнама барысында оқушылар өз құқықтары мен міндеттері туралы білімдерін көрсетіп, құқықтық мәселелерге деген көзқарастарын білдірді.
Мақсаты: оқушылардың заңға деген құрметін арттыру, құқықтық мәдениетін қалыптастыру. Өткізген: тәлімгер Сайлау А.А.

