Республика күні- еліміздің тарихындағы аса маңызды мереке
Республика күні- еліміздің тарихындағы аса маңызды мереке. Бұл күн халықтың еркіндік пен тәуелсіздікке ұмтылысының, ел бірлігі мен бейбіт өмірінің символы. Осындай мерекелер арқылы өскелең ұрпақ туған елінің тарихын біліп, Отанын сүюге, елжандылыққа тәрбиеленеді. Оқырмандарға Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік тарихи, жетістіктері мен ел дамуына үлес қосқан тұлғалар туралы мағлұмат беру, отансүйгіштік сезімді қалыптастыру мақсатында көрме ұйымдастырылды.Көрмеде Қазақстанның егемендік алғаннан бергі кезеңдердегі тарихи оқиғаларды, мемлекеттік рәміздер мен тәуелсіздіктің нышандарын, елдің саяси, мәдени және экономикалық дамуын бейнелейтін әдебиеттер ұсынылды.

