Тургимбеков Айткожа Жексенбекович – Ұлытау облысы, Жаңаарқа кентіндегі «Оразалы Жұмабеков атындағы тірек мектебі (ресурстық орталық)» КММ директоры.

1964 жылы 12 ақпанда Ұлытау облысы, Жаңаарқа ауданында дүниеге келген.

1986 жылы Жезқазған педагогикалық институтын тәмамдап, география және биология пәндерінің мұғалімі мамандығын алған. Еңбек жолын сол жылы Интумак орта мектебінде биология пәнінің мұғалімі болып бастаған.

1990–1992 жылдары осы мектепте тәрбие ісі жөніндегі директордың орынбасары, ал 1992–1997 жылдары оқу ісі жөніндегі орынбасары қызметтерін атқарған.

1997 жылдан бастап мектеп директоры қызметіне тағайындалып, білім беру саласында ұзақ жылдар бойы басшылық қызмет атқарды. Әр кезеңде Интумак мектебінде, Оразалы Жұмабеков атындағы мектепте және Сәкен Сейфуллин атындағы мектепте директор болып жұмыс істеді.

2022 жылдың 19 маусымынан бастап қазіргі уақытқа дейін Ұлытау облысы Жаңаарқа кентіндегі Оразалы Жұмабеков атындағы тірек мектептің директоры қызметін атқарып келеді.

Жалпы педагогикалық еңбек өтілі – 39 жыл, оның ішінде басшылық өтілі – 29 жыл. Сонымен қатар биология пәнінен сабақ береді.

Кәсіби біліктілігін үнемі жетілдіріп отырады. 2017 жылы «Өрлеу» ұлттық біліктілікті арттыру орталығында, 2023 жылы Назарбаев Зияткерлік мектептері педагогикалық шеберлік орталығында біліктілігін арттыру курстарынан өткен.

Еңбегі үшін 2008 жылы Қазақстан Республикасы Білім министрлігінің Құрмет грамотасымен, 2015 жылы Алғыс хатпен марапатталған.