Еңбек адамының өмір жолын үлгі ету арқылы еңбекке деген құрмет
Оқушыларды еңбекқорлыққа, адалдыққа, жауапкершілікке тәрбиелеу; еңбек адамының өмір жолын үлгі ету арқылы еңбекке деген құрмет сезімін арттыру мақсатында мектебіміздің мейірбикесі Альханова Гүлсім Шариповна апаймен дөңгелек үстел өткізілді. Апай өзінің еңбек жолымен бөлісіп, балаларды қызықтырған сұрақтарына жауап берді.
Адам өміріне араша түсіп, науқастардың денсаулығын жақсартуға тырысатын дәрігерлер мен мейірбикелер — ақ халатты абзал жандар. Олар күн- түн демей ауыр науқастардың жанынан табылып, үміт отын жағады. Өз еңбегімен, мейіріммен, кәсіби шеберлігімен өмірдің бағасын арттырып, адамзат алдындағы борышын адал атқарып келеді.



