«Булану. Меншікті булану жылуы»
8Б сынып оқушылары физика пәнінен «Булану. Меншікті булану жылуы» тақырыбында серіктестермен бірлескен сабақ өтті. Сабақтың мақсаты – оқушыларға булану құбылысының мәнін түсіндіру, меншікті булану жылуының физикалық мағынасын ұғындыру және есеп шығару арқылы практикалық дағдыларын дамыту болды.
Сабақ барысында оқушылар тәжірибелер орындап, буланудың жылу мөлшеріне тәуелділігін бақылап, формулалар бойынша есептер шығарды. Топтық жұмыс, сұрақ-жауап, бейнематериал және өмірмен байланысты тапсырмалар арқылы тақырып кеңінен ашылды.
Оқушылар белсенділік танытып, өз ойларын еркін жеткізе білді. Сабақ жоғары деңгейде өтті, қойылған мақсаттарға толық жетті.
Пән мұғаілім: Ғалымова Назым
Педагог -модератор


