Кітап — ақылдың кені, білімнің бұлағы. Каникул кезінде оқылған әр кітап — жаңа әлемге ашылған есік. Оқушылардың бос уақытын пайдалы өткізуіне, рухани дамуына, әдеби талғамын қалыптастыруға кітап зор мүмкіндік береді.
Кітапхана — білім мен руханият ордасы. Каникул кезінде кітаппен дос болу — өзіңді дамыту жолындағы ең тиімді қадам. Кел, кітапханаға жиі келейік, қызықты кітап оқиық, рухани байлық жинайық!

