Кітап — адамзаттың ақыл — ой қазынасы
Кітап — адамзаттың ақыл — ой қазынасы, рухани байлықтың қайнар көзі. Қазіргі уақытта балалардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыруда отбасының рөлі ерекше. Отбасы — тұлғаның ең алғашқы мектебі. Бала ата — ананың іс- әрекетін, мінез- құлқын, сөзін бойына сіңіріп өседі. Сол себепті ата- ананың кітапқа деген көзқарасы баланың кітапқа деген сүйіспеншілігіне әсер етеді. Әр отбасында кітап оқу сағаты дәстүрге айналса, ұлт болашағының рухани деңгейі де биіктей түсетіні сөзсіз.



