Мақал мен мәтел
Қазақ халқы сөз өнеріне ерекше мән берген, ойды көркем де нұсқа жеткізудің шебері болған. Сол сөз өнерінің ең биік үлгісінің бірі — мақал мен мәтелдер. Мақал мен мәтелдер арқылы халық өз өмірлік тәжірибесін, ақыл- ойын,салт- дәстүрін, тәлім- тәрбиесін ұрпақтан- ұрпаққа жеткізген. Мақал — халықтың өмір тәжірибесінен алынған қысқа да мағыналы нақыл сөз. Мақал мен мәтел — халқымыздың асыл қазынасы, өмір айнасы. Олар ұлттың рухани байлығын көрсетіп адамгершілікке, парасаттылыққа баулиды. Сондықтан мақал- мәтелдерді білу, қолдану — әрбір азаматтың парызы. Осы мақсатта 6б сынып оқушыларымен » Қазақтың мақал- мәтелдері» атты әдеби ринг өтті.

