«Кітапханаға кітап сыйла»
«Кітапханаға кітап сыйла» ашық есік күні- оқушыларды кітапқа құрметпен қарауға, ұлттық құндылықтарды бағалауға тәрбиелейтін маңызды шаралардың бірі.
Оқушылар өздері оқыған кітаптарды , ертегілерді, танымдық әдебиеттерді сыйлық ретінде алып келді.
«Кітап сыйла» күнінің ең басты мәні — оқушылардың жүрегіне мейірімділік, жомарттық, ізгілік ұрығын себу. Кітап сыйлау — рухани байлықты бөлісу, өзгеге жақсылық жасау.



