+77103027542
zhana_zhumabekov@mail.ru
О.Жұмабеков атындағы Тірек мектебі (РО) мектебі
  • Басты бет
  • МЕКТЕП ТУРАЛЫ
    • МЕКТЕП ТАРИХЫ
    • МЕКТЕП МҰРАЖАЙЫ
    • ДАМУ ЖОСПАРЫ
    • КІТАПХАНА
      • Кітапхананың жылдық жоспары
      • Біртұтас тәрбие
    • ТАМАҚТАНДЫРУ
    • ТАРИФИКАЦИЯ
    • БІЗДІҢ МАГИСТРЛЕР
    • МЕКТЕП АТТЕСТАЦИЯСЫ
    • ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ КӨМЕК
    • СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ
    • АНТИТЕРРОР
    • МТБ
  • ОҚУ БӨЛІМІ
    • САБАҚ КЕСТЕСІ
    • БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫҢ ОҚУ ЖЕТІСТІКТЕРІНІҢ МОНИТОРИНГІ
    • МЕМЛЕКЕТТІК АТТЕСТАЦИЯ
    • ЖЕТІСТІКТЕР
  • ТӘРБИЕ БӨЛІМІ
    • “АДАЛ АЗАМАТ” БІРТҰТАС ТӘРБИЕ
    • ӘЛЕУМЕТТІК ПЕДАГОГ
    • ҚАМҚОРШЫЛЫҚ КЕҢЕС
    • САЛАУАТТЫ ӨМІР САЛТЫН САҚТАЙЫҚ
    • МЕКТЕП ПАРЛАМЕНТІ
    • БАЛАЛАР ҚАУІПСІЗДІГІ
    • АДАЛ ҰРПАҚ
    • ҚҰҚЫҚБҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ
  • Жаңалықтар
  • Мемлекеттік рәміздер
  • Байланыс
  • Басты бет
  • МЕКТЕП ТУРАЛЫ
    • МЕКТЕП ТАРИХЫ
    • МЕКТЕП МҰРАЖАЙЫ
    • ДАМУ ЖОСПАРЫ
    • КІТАПХАНА
      • Кітапхананың жылдық жоспары
      • Біртұтас тәрбие
    • ТАМАҚТАНДЫРУ
    • ТАРИФИКАЦИЯ
    • БІЗДІҢ МАГИСТРЛЕР
    • МЕКТЕП АТТЕСТАЦИЯСЫ
    • ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ КӨМЕК
    • СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ
    • АНТИТЕРРОР
    • МТБ
  • ОҚУ БӨЛІМІ
    • САБАҚ КЕСТЕСІ
    • БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫҢ ОҚУ ЖЕТІСТІКТЕРІНІҢ МОНИТОРИНГІ
    • МЕМЛЕКЕТТІК АТТЕСТАЦИЯ
    • ЖЕТІСТІКТЕР
  • ТӘРБИЕ БӨЛІМІ
    • “АДАЛ АЗАМАТ” БІРТҰТАС ТӘРБИЕ
    • ӘЛЕУМЕТТІК ПЕДАГОГ
    • ҚАМҚОРШЫЛЫҚ КЕҢЕС
    • САЛАУАТТЫ ӨМІР САЛТЫН САҚТАЙЫҚ
    • МЕКТЕП ПАРЛАМЕНТІ
    • БАЛАЛАР ҚАУІПСІЗДІГІ
    • АДАЛ ҰРПАҚ
    • ҚҰҚЫҚБҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ
  • Жаңалықтар
  • Мемлекеттік рәміздер
  • Байланыс

МЕКТЕП ТАРИХЫ

Жаңаарқаның бірінші мектебі

Қарағанды облысының Жаңаарқа ауданы тарихы терең, тамаша тарланталанттар шыққан құтты мекен екендігі баршаға аян. Ел шежіресінің бір парасы, тебірентер тағылымды беттерін аудандағы бұрынғы бірінші мектеп, қазіргі О.Жұмабеков атындағы орта мектептің 90 жылдық тарихынан тануға болады. Бүгінгі ғасырға жуық уақытты артқа тастап, бір ауданның тағылым мен тәрбиесінің алтын бесігі, білім беру шежіресінің бастауында тұрған бұл білім ордасының тарихы 1928 жылғы Ақтау өңіріндегі Жартас жеті жылдық мектебінен басталған. Білім ордасының шаңырағын көтерген Төлеу Жұмақанов болса, оқу ісінің меңгерушісі Оразалы Жұмабеков еді. Бірден талантты мұғалімдер жинақталып, есімі ел аузына іліге бастаған бұл мектеп бір жылдан кейін аудан орталығына көшіріліп, Ленин атындағы қазақ орта мектебі болып өзгерді. 1993 жылы осы оқу орны №1 қазақ орта мектебі болып аталса, 2003 жылы ҚР Үкіметінің №497 қаулысы бойынша жалпы білім беретін орта мектепке Оразалы Жұмабековтің есімі берілді. Бұл атаудың заңдылығын алғашқы еңбек жолын бастаған Оразалы Жұмабектің 1930-1933 жылдары дәл осы мектептің директоры болып істеген, жас ұрпаққа білім беру жолындағы еселі еңбегі ерекшелейді. Мектепті биікке көтерген өрім жастың бұдан әрі аудандық оқу бөлімінің меңгерушісі, партия жауапкершілігімен жүктелген басқару жұмыстарында да «Қазақстан білім беру ісінің үздігі», «Құрмет белгісі» ордендерімен марапатталулары жалғасып жатты. Есімі еліміздің тарихында аталып, көптің құрметіне бөленіп, мектеп атын иемдеген Оразалы Жұмабековтен кейін бұл қасиетті білім ордасын басқару ісіне Жалқанов Дәулетбай, Шауғымбеков Мәдікен, Әубәкіров Уәтәй, Сәдуақасов Кенетай, Жанпейісов Садықбек, Амалбеков Бименде, Оразалин Ермек, Әбсаматов Мәдіхан, Ахметжанова Сара, Тайтөлеуов Мұса, Дакинов Темірбай, Бекова Бағдат, Тұрғынбеков Айтқожалар араласты. Есімі бірнеше өзгерсе де, бұл мектеп туралы сұрай қалса, Жаңаарқаның кез-келген тұрғыны «Иә, Жаңаарқаның бірінші мектебі емес пе!» дегенді көтеріңкі леппен бастайды. Солай деуге тұрарлық, мақтанарлық мектеп екендігін осы мектептің майталман маман, білікті ұстаздары дәлелдеп берген.

Білім беру ісіндегі қажырлы еңбектері, іс-тәжірибелері мен жетістіктері арқылы аудан, облыс, республикаға танымал болған Құсайын Жолмағанбетов, Молдырахым Сабазов, Өмірбай Құсбеков, Мұқан Тұрсынбеков, Қасен Құлманов, Әбсәлім Тәкешов, Әбілқасен Беков, Қошан Жүкенов, Жанпейіс Садықбеков, Ісләм Жарылғапов, Бейсенбай Балауытов, Мұқымбай Ысқақов, Көшкінбай Шәленов, Әбілғазы Жамбаев, Сағат Сарыбаев, Халық Қосмағамбетов, Қаутай Қасымбеков, Төкен Әлібаев, Рақым Орманбаевтар ұстаздық еңбектің үлгі-өнегесін көрсеткен.

Аудан орталығындағы бұл мектептің мәртебесі артып, ұстаздардың мерейлі сәттері мен шәкірттердің алаңсыз балалық бақытты шақтары жалғасып жатты. Әсіресе 1939-1940 оқу жылындағы мектепті үздік бітірген Хамзе Беков, Қаныш Қосқұлақов, Әбілғазы Жамбаев, Хамит Әбдірахмановтар болса, 1940-1941 жылдары мектеп бітірген Меркен Байтурин, Шәмішкен Сапиянов, Далбай Ізтөлеуов, Балтабай Мұқашев, Елубек Молдабеков, Омар Нақыпов, Байзақ Қанатов, Қыдырбай Үйсінбаевтарды алдағы арман жолына шығарып салған. Сол жылы сұрапыл соғыс басталып, мектептегі мұғалімдер мен бітірген түлектер де майданға алынып жатты. Адамзатқа қайғы-қасірет әкеліп, сандаған шаңырақтың шаттығын шайқаған екінші дүниежүзілік соғыстан елге оралмаған, ардагер ұстаздар: Мәдікен Шауғымбеков, Мұхаметжан Сапиянов, Өкебай Қожантаев, Мұқатай Шәуенов, Халық Қосмағанбетов, Бейсенбай Балауытов, Мәлкетай Алпысов, Тәукен Сасықов, Рақымжан Сатенов, Тоқбай Исаберлин, Кененбай Сәдуақасов, Елемес Құттыбаев, Жәркеш Тоқбаев және тағы басқа арманда кеткен боздақтар аудан тарихында мәңгілік қалды.

Бес жылға созылған сұм соғыс аяқталып, аласапыраннан ел есін жиғанда, мектепте еңсесін тіктей бастады. Соғыстан оралған майдангерлер білімін жетілдіріп, ұстаздық жолға өмірлерін бағыттады. Олар мектеп мектеп мақтаныштары, соғыс ардагерлері: Ботабай Мамыраев, Төлеу Далбаев, Далбай Ізтөлеуов, Сәбит Бармұхаметов, Әбушахман Смағұловтар болатын. Омыраулары орден-медальдарға толы, майдандағы ерлікті еңбекке ауыстырған ұстаздардың сапта тұрғандағы көріністері де ерлік пен еңбектің шежіресін түсіндіретін. Оқ пен оттың ортасынан шығып, ендігі ерлік ұстаздық істері мен бүгінде аңыз болып, естеліктер мен көркем шығармалардың қаһармандарына айналған.

Уақыт көшімен өмірде өзгерістер болып жатады. Соғыс жылдарынан кейін мектепке жаңа леп, жоғары білім алып келген Бидәулет Өскембеков, Бименде Амалбеков, Балғатай Өтешов, Қаутай Қасымбеков, Күлән Оралбаева, Хасен Сейдімбеков, Дамыл Ысқақовтар ел құрметіне бөленген мұғалімдер еді. Олар мектеп және аудан, облыс тарихында сол кезеңде «Республика оқу ісінің үздігі», «Республика мектептеріне еңбегі сіңген мұғалім», «Республика халық ағарту ісінің озық қызметкері», «Қазақ ССР және СССР халық ағарту ісінің үздігі» наградалары мен орден-медальдардың иегері атанып, мұғалімдер съездеріне делегат болып қатысқандар да солардың ішінен шыққан еді. Дәл осылар салған дара жолды одан әрі сара жолға айналдырған атақты ұстаздар: Хамит Жаманов, Шарлатбай Бекішев, Мәдіхан Әбсаматов, Әбітай Қасмедин, Әділ Бақтыбаев, Мұқамедия Тойымбаев, Ақтомпай Бакиров, Түркен Кенжеғұлов, Бану Жакешова, Дәлеш Сайна, Батиха Жахамбетова, Зура Бралина, Сәния Зейденова, Майкен Спатаева, Рахима Аманбаева, Ақборық Кәдірбекова, Ақлима Тажитова, Балшайым Тұрғымбекова, Сақыпжамал Какенова, Жамал Қуанышова, Зейнегүл Омарова, Зекен Тұрсынбекова, Мейрам Асқарова, Ерғали Оспанов, Қадыр Матин, Нәскен Сейсенбекова және тағы басқалар мектептің ескірмес естеліктері екендігі көпке мәлім. Есімдері ерекшелене аталатын бұл топта жұптары жарасқан, мектепке бірге келгендер көп еді. Олардың көпшілігі ұстаздар отбасы, өнегелі  шаңырақ ретінде де ауданның айтулылары атанды.

Зейнетке шыққанша бір жерде еңбек етіп, тұрақтылықтың тамаша үлгісін танытты. Ордалы шаңыраққа айналғандармен қатар, бүгінде зейнеткерлікке шыққан аяулы аналар: Жетен Балтабаева, Сақып Төкенова, Баян Далбаева, Орал Мұхамеджанова, Әзиза Тойжықова, Зере Ахметова, Нақы Жобаева және басқалар мектеп мақтанышы болып қала бермек. Мектептің ұстаздар қауымы әр кез, әр шақта осылай толысып, қалыптасқан дәстүр сабақтастығы бүгінде де жалғасып жатыр. 

«Мектептің тірегі, жүрегі – ұстаздар» десек, білім шаңырағының мәртебесін биікке көтерген, жеңісі мен жемісін дәлелдеген шәкірттер екендігі ақиқат. Жаңаарқа ауданындағы О.Жұмабеков атындағы орта мектептен ел басқарған көсемдер, шаршы топта сөз бастаған шешендер, ел дәулетін арттырған атақты майталман мамандар, ғұлама ғалымдар мен өнерпаз дарындар шықты.

Осы мектептен білім алып, елімізге, шетелге танымал болған талантты тұлғалар: жазушы, аудармашы, лингвист ғалым Ісләм Жарылғапов, филология ғылымдарының докторы, профессор, ҚР Ұлттық ғылым академиясының академигі, КСРО жазушылар одағының мүшесі, ҚР мемлекеттік сыйлығының иегері, ҚР ғылымына еңбегі сіңген қайраткер С.С.Қирабаев, филология ғылымдарының докторы, профессор, ҚР Жазушылар Одағының мүшесі, ҚР мемлекеттік сыйлығының лауреаты, талантты жазушы, ғалым А.С.Сейдімбеков, филология ғылымдарының докторы, профессор С.Д.Ізтөлеуова, белгілі әдебиеттанушы ғалым, ұстаз  Мереке Жаманов, тарих ғылымдарының докторы, профессор Ханкелді Әбжанов, этнология ғылымдарының кандидаты, доцент Дәурен Ескекбаев, ауыл шаруашылығы ғылымының докторы, профессор Құлмағанбет Ахметов, ауыл шаруашылығы ғылымының кандидаты, доцент Әзілбек Сәрсенов, техника ғылымдарының докторлары, профессорлар Ибрагим Қасымбеков, Махмут Ақбаев, Амахан Мамырбеков, Ғалым Сарбаевтар, медицина ғылымының докторы, профессор, дарынды дәрігер Ғани Мұсылманбеков, медицина ғылымының докторы, профессор, майталман маман Кәдірбай Садырбаев, медицина ғылымының кандидаттары, доценттер Ғалым Түсбаев, Мұхамедия Тебенов, Рахымберлі Бекенбаевтар және экономика ғылымдарының докторы, академик Сәрсен Аяжанов, заң ғылымдарының докторы, профессор Көбен Әбжановтар және т.б.

Білім шаңырағының түлеп ұшқан өнер өрендерінің басында саңылақ әнші, «ҚР еңбек сіңірген әртісі», ҚР мемлекеттік сыйлығының лауреаты, ғылым докторы, профессор Қайрат Байбосынов тұрса, одан әрі «Қазақ ССРне еңбегі сіңген мәдениет қызметкері», дәулескер күйші Мұхамеджан Тілеуханов, белгілі күйшілер Өзбек Бимендин, Роза Бимендиналар, «ҚР-ға еңбектері сіңген әртістер» Береке Көшенов, Аман Сыздықовтар, ел білетін әншілер Жалын Сыздықов, Ақнұр Әбдіғазымова, Еркебұлан Мұқышовтар және т.б. есімдерді атай беруге болады. 

Отан дәулетін арттырып, ел мен жердің шежіресін еңбектерімен жазған талантты, таңдаулы басшылар да осы мектептің түлектері. Бұл тұрғыдан келгенде ерен ісі, ұйымдастырушылық қабілеттерімен ерекшеленген Жаманқұл Шайдаров, Серік Шайдаров, Әбілғазы Күленов, Нұрлан Омаров, Әуезхан Беков, Хамзе Сәтжанов, Әбіқан Әшімов, Зейнулла Шайдаров, Баян Күжікенов, Мансұр Әбдіғалымов, Өмір Кішенов, Мұқан Базарбеков, Отаншыл Түсіпбеков, Әбікен Төлеубаев, Қайыржан Жахметов, Алпан Сәдуақасов, Аманке Ахметов, Сейдіғали Пазылов, Қоңырбай Асанов, Алпыс Тайгөков, Сағынтай Жұмажанов, Төкен Әбдіқадыров, Дыбыс Смағұлов,

Шолан Шуданбеков, Бәкен Мұсабеков, Жанболат Көпбаев, Аманғали Асқаров, Ләйлә Окумова, Бақыт Өтешова, Бағдат Бекова, Нескен Өтешова,

Роза Баубекова, Роза Биғанбекова, Еркін Көкенов, Бақбай Далбаева, Зайра

Жарылғапова, Бақыт Әлиакпарова, Рыскүл Құсайынбекова, Жамал Жамбаеваларды ерекше атау орынды.  Мектепті бұлардың бәрі де алтын, күміс медальмен және үздік көрсеткішпен бітірген еді.

Аудан орталығындағы аталып отырған мектепті бітіріп, жоғары оқу орындарындарында оқып, білім алған түлектер негізінде  Жаңаарқа жерінде кадрлар мәселесі шешіліп отырған. Соның бір дәлелі ретінде денсаулық саласының сақшылары, ақ халатты абзал жандар: Зәйра Игенова, Саркен Салықов, Иманғали Жолдыбаев, Ералы Тоқанов, Юсуп Кішкенов, Жұмабай Шаяхметов, Жаңыл Қожабекова, Аңсаған Ахметова, Күләйша Шекімова және т.б. біздің мектептің түлектері екені мәлім. Сондай-ақ, ішкі істер саласының сақшылары атанып, ел мақтан тұтқан азаматтар атанған атақты генералдар: Боранбай Бекбосынов, Рамазан Тілеуханов және полковниктер: Жақия Кішенов, Бәдер Рақымжановалар біздің мектептен білім алған еді.

Жаңаарқа өнерімен таңқалдырып, атақты спорт жұлдыздарымен табындырған аймақ екені белгілі. Республикаға белгілі спорт майталмандары: Ғалым Жарылғапов, Ғазым Жарылғапов, Диқанбай Биткөзов, Дүйсенбай Бөкенайұлы, Бақтияр Жүнісов, Мейірхан Аманбаев, Асылхан Барменов, Қанат Талғат Байшолақовтар, Ахметов Асхат, Ғалымов Айдос, Абзалов Қайрат, Ізтөлеуов Даурен және т.б. аудандағы ел айтатын бірінші мектепті бітірген болатын.

Ел мен жердің қадір-қасиетін, туған өлкенің тау-тасын қаламмен тербеген ақын-жазушылар: Хамит Жаманов, Бұқпа Әшімов, Асан Жұмадилдин, Қалиакпар Әбілдин, Марал Хасенов, Өміртай Жақыпов, Еркін Игенберлин, Сайлаухан Мәкенов, Жақан Смақов, Қашқынбай Сейсекеевтер де мектебімізде құрметпен аталып, олардың шығармашылық істері кеңінен жас ұрпаққа дәріптеледі.

Білім беру ісі қашанда нәтиже мен көрсеткішке жүгінеді. Бүгінгі ХХІ ғасыр адамын қалыптастыру ісі алдымен білім беруді ізгілендіріп, қоғам алдындағы жауапкершілікке дайын болуды жүктейді. Бүгінгі таңда мектепте бұндай ізгі істер жалғасып жатыр.  Елімізге еңбегі сіңген, бүгінде көпшілік құрметіне бөленген білім беру ісінің үздіктері мектепте еңбек етті.       

   Жыл сайынғы ҰБТ-дан жоғары нәтиже көрсетіп, алтын белгі, үздік аттестат алған оқушылар саны да жылма-жыл артып келеді. Жетістіктер қуантып, оқушыларымызды арман жолына аттандырып жатқан Жаңаарқа ауданындағы О.Жұмабеков атындағы мектептің іргетасы қаланғанына 90 жыл толып отыр. Өткенге толғанып, істеген іргелі істерге қуансақ та, бізге сол биіктерді аласартпау ең басты ұстаным болып қалады. Себебі біздің білім беретін алтын ұя – кезінде тәжірибе алмасу алаңына айналған, елімізге белгілі, ауданымыздың аңызына айналған мектеп.

Ендеше «Жаңаарқаның бірінші мектебінің» мәртебесі түспей, абыройы асқақтай берсін.

ӨМІРБАЯНЫ
ОРАЗАЛЫ ЖҰМАБЕКОВ (1901-1948) — Жаңаарқа ауданы Қушоқы деген жерде (№5 ауыл) туған. Ұстаз, ҚазКСР оқу — ағарту ісінің үздігі. Нұра-дағы кеңес мектебінің қысқа мерзімді курсын бітіріп, Жаңаарқа ауданының Ырғайлы (№4) мектебіне мұғалім, 1925 жылы комсомол комитетінің жауапты хатшысы болған. 1928 жылдан бастап Жартас мектебінің оқу- ісінің меңгерушісі, 1930-1933 жылдары В.Ленин атындағы мектептің директоры болып істеді, 1933-1935 жылдары аудандық оқу бөлімінің меңгерушісі, 1940-1942 жылдары аупарткомның үгіт-насихат бөлімінің меңгерушісі, 1943-1944 жылдары аудандық «Лениндік жол» газетінің редакторы қызметін атқарды. 1944-1948 жылдары аралығында аудандық кеңес атқару комитеті терағасының орынбасары, Киров ұжымшарының төрағасы болып еңбек өтті. «Құрмет белгісі» орденімен марапатталған. Жаңаарқа ауданының В.Ленин атындағы орта мектебіне Oразалы Жұмабековтың есімі берілген.

КІТАП О.Жұмабеков ат.ТМ (2) (1)Скачать

Разработка и поддержка сайтов — ZIZ INC. — Digital IT Solutions © 2025