Бүгін мектеп мұғалімдерімен директор жанындағы кеңес өтті. Күн тәртібіндегі кезекті мәселе бойынша оқу ісінің меңгерушісі Д.С.Борамбаеваға сөз берілді. Ол өз кезегінде Педагогтерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы №83 бұйрығымен толықтай таныстырды.- Жалпы ережелер- Аттестаттауды өткізу тәртібі мен шарттары- Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі- Аттестаттау комиссиясының құрамы және қызмет тәртібі- Педагогтердің білімін бағалауды жүргізу тәртібі мен шарттары- Қызмет нәтижесін кешенді талдамалық жинақтауды өткізу тәртібі- Педагогтерге біліктілік санаттарын мерзімінен бұрын беру (растау) тәртібі#жаңаарқабілімбөлімі#облыстықбілімбасқармасы