«Балалар кітапханасы » » Әдебиет әлемінде » жоба аясында Қазақ поэзиясының алыбы, ақын, ұлы жыршы Жамбыл Жабаевтың туғанына 180 жыл толуына орай кітапханамызда көрме ұйымдастырылды. Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Сақауова Жұлдыз » Жыр алыбы — Жамбыл » тақырыбында сынып сағатын өткізді. Оқушыларға Алматы облысы Ұзынағаш ауылындағы Жамбыл атындағы мұражайдан мәліметтер әкеліп таныстырды.


