Бүгін мектебімізде 1–11 сынып оқушыларына арналған ЭКОСАБАҚ өтті.
Тақырыбы: «Суды үнемде – болашақты сақта».
Сынып сағатының мақсаты – оқушыларға судың маңызын түсіндіру, табиғатты қорғауға және суды үнемдеп пайдалануға шақыру. Әр тамшы судың болашақ үшін қаншалықты маңызды екенін бірге талқыладық.
Табиғатты қорғау – бәріміздің ортақ міндетіміз!


