8 сәуір күні мектебімізде «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы шеңберінде 11-сынып оқушыларымен «Білім – мемлекеттік саясаттың басты құндылығы: жаңа Конституцияда айқындалған басымдықтар» тақырыбында сынып сағаты өтті.

Аталған сынып сағатының мақсаты – оқушыларға Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының мазмұнын түсіндіру, олардың құқықтық сауаттылығын арттыру және азаматтық жауапкершілігін қалыптастыру.