Бүгін «23 сәуір Ұлттық Кітап күні » қарсаңында «Балалар әдебиеті — рухани тәрбие бастауы » онкүндігі аясында «Қазіргі балалар және рухани құндылықтар» және «Гаджет пен рухани даму» тақырыптарында мазмұнды пікірталас өтті.Іс-шара барысында оқушылар заманауи технологиялардың пайдасы мен зиянын саралап, гаджеттердің адам санасына, ойлау қабілетіне және қарым-қатынас мәдениетіне әсері туралы өз ойларын ортаға салды. Сонымен қатар рухани құндылықтардың маңыздылығы, ұлттық тәрбие, кітап оқудың рөлі кеңінен талқыланды.Пікірталас барысында қатысушылар өз көзқарастарын дәлелдеп, еркін пікір алмасуға мүмкіндік алды. Бұл шара оқушылардың сыни ойлау қабілетін дамытып, саналы таңдау жасауына жол ашты.


