1 қыркүйек – Білім күні
О. Жұмабеков атындағы тірек мектебінде Қазақстан Республикасы Конституциясының құндылықтарын дәріптеуге арналған «Адал азамат, зерделі ұлт және жауапты қоғам қалыптастырудың негізі!» тақырыбында салтанатты жиын мен тәрбие сағаттары өткізілді.
Алғашқы қоңырау мерекесінде мектеп директоры А.Ж. Тургимбеков Әділет партиясы аудандық филиалының төрағасы Түсіпов Амангелді Бақышұлы және ата-аналар 1-сынып оқушыларын жаңа оқу жылымен құттықтап, ақжарма тілектерін арнады.
Барша шәкірттерге білім мен табыс, ұстаздарға шығармашылық жетістік тілейміз! Жаңа оқу жылы құтты болсын! ![]()
![]()


