8.09 күні О. Жұмабеков атындағы тірек мектебінде “ Бала тәрбиесі – ортақ міндет: заң, тәртіп, құндылық , қауіпсіздік және жауапкершілік» тақырыбында жалпы ата -аналар жиналысы өткізілді. ЖИНАЛЫСТЫҢ МАҚСАТЫ

Ата-аналарды 2026–2027 оқу жылындағы мектептің тәрбие жұмысының негізгі бағыттарымен таныстыру, мектептің ішкі тәртіп ережелерін сақтау, баланың қауіпсіздігі мен құқықтық мәдениетін қалыптастыруда отбасы мен мектептің өзара жауапкершілігін күшейту.ЖИНАЛЫСТЫҢ КҮН ТӘРТІБІ

1.2026–2027 оқу жылындағы тәрбие жұмысының негізгі басым бағыттарымен таныстыру. «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы.

2.Оқушылардың қауіпсіздігі , балалар еңбегін қанауға жол бермеу және түнгі уақыттағы қауіпсіздік ,құқықбұзушылықтың алдын алу./вейп,дудомания, әлеуметтік желідегі қауіпті ойындар,зорлық-зомбылықтың, буллингтің алдын алу/

3. Мектептің ішкі тәртіп ережелерін сақтау,оқушылардың боянып келуі мен мектеп формасын дұрыс кимеу жағдайларын реттеу бойынша аудандық нұсқаулық –алгоритммен ата-аналарды таныстыру. МектептіңҚР БҒМ 2016 жылғы 14 қаңтардағы №26 бұйрығы. Мектеп формасына қойылатын талаптар қайта таныстыру.

4. Әскери-патриоттық тәрбие, «Азамат» ұлдар ұйымының жұмысы туралы .

5.Ата-ана ұйымын бекіту.