19 қыркүйек күні Республикалық «Ағаш егу» акциясы аясында мектебіміздің ұстаздары мен
8 «Б» сынып оқушылары игі іске белсене атсалысып, ағаш көшеттерін отырғызды.
Табиғатты аялау – әрбір азаматтың парызы. Бүгінгі егілген әрбір көшет – ертеңгі жасыл желекке, таза ауа мен көрікті қоршаған ортаға қосылған үлес.
Акцияға белсенді қатысып, туған жердің көркеюіне өз үлестерін қосқан барлық ұстаздар мен оқушыларға шынайы алғысымызды білдіреміз!




