Мектебімізде Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күніне орай арнайы іс-шара өткізілді. Бұл күні оқушылар халқымыздың бай мәдениеті мен ата-бабадан қалған салт-дәстүрлерді насихаттады. Іс-шара барысында 11 «А» сынып оқушылары ұлттық мәдениетімізді дәріптеп, түрлі қазақтың салт-дәстүрлерімен таныстырды.


