«Заң және тәртіп» – құқықтық сауаттылық алаңы

«Заң және тәртіп» оқу курсы аясында 11 «Ә» сынып оқушыларымен «Кәмелетке толмаған жұмыскерлердің құқықтары» тақырыбында танымдық сабақ өткізілді.

????‍♀️ Сабаққа Жаңаарқа аудандық Полиция басқармасы КТІЖ бөлімшесінің полиция аға лейтенанты Амангелді Рахат Төлеуғалыұлы қатысып, оқушыларға кәмелетке толмағандардың еңбек ету ерекшеліктері, еңбек құқықтары мен міндеттері, жұмысқа қабылдау талаптары және заң алдындағы жауапкершілігі туралы маңызды ақпарат берді.

???? Сабақ барысында оқушылар:

???? кәмелетке толмағандардың еңбек ету ерекшеліктерімен;

???? еңбек шартын жасасу талаптарымен;

???? жұмыс уақыты мен демалыс уақытына қойылатын талаптармен;

???? кәмелетке толмаған жұмыскерлердің құқықтарын қорғау жолдарымен;

???? еңбек заңнамасын сақтаудың маңыздылығымен танысты.

???? Оқушылар тақырып бойынша өз ойларын ортаға салып, түрлі тапсырмалар орындап, құқықтық сауаттылықтарын арттырды.

✨ Сабақтың негізгі мақсаты – жасөспірімдерге өз еңбек құқықтарын білуге, заң талаптарын сақтауға және құқықтық мәдениетін қалыптастыруға бағыт-бағдар беру.

Пән мұғалімі: Әлиакбарова А.А.