«Заң және тәртіп» – құқықтық сауаттылық алаңы

«Заң және тәртіп» оқу курсы аясында 8-сынып оқушылары арасында «Мектепте және көшеде заңдар мен мінез-құлық қағидаларын сақтау» тақырыбында танымдық сабақ өткізілді.

Сабаққа Жаңаарқа аудандық полиция басқармасы КТІЖ бөлімшесінің полиция аға лейтенанты Бедельбаева Жанар Бүркітбайқызы қатысып, оқушыларға құқықтық сауаттылықтың маңыздылығы, заң талаптарын сақтау, қоғамдық орындардағы тәртіп ережелері және жасөспірімдердің құқықтары мен міндеттері туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Танымдық сабақ барысында оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарына жауап алып, заңға құрметпен қараудың, тәртіпті сақтаудың және әрбір іс-әрекетіне жауапкершілікпен қараудың маңызын түсінді.

Сабақтың басты мақсаты – оқушылардың құқықтық мәдениетін қалыптастыру, заң талаптарын құрметтеуге тәрбиелеу және қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын дамыту.

???? Заңды білу – заман талабы, тәртіпті сақтау – әр азаматтың міндеті!

????‍???? Пән мұғалімі: Арунова А.А.