6 қазан күні ауданымызда Ұстаздар күніне орай «Ұстаз – ұлы есім» атты мерекелік іс-шара өтті.

Іс-шара барысында балаларға білім нәрін беріп, болашаққа жол ашқан ұстаздарға құрмет көрсетіліп, бірқатар ұстаздардың еселі еңбектері еленіп, марапаттарға ие болды.

???? Исатаева Рысты Қосарқызы – Ұлытау облысының әкімі Е. Байкеннің Алғыс хатымен;

???? Далбаева Алтынай Шерубайқызы – Жаңаарқа ауданының әкімі Қ. Қожықаевтың Алғыс хатымен;

???? Абдикаримова Ақниет Ғалымқызы – Жаңаарқа ауданының әкімі Қ. Қожықаевтың Алғыс хатымен марапатталды.

Әріптестерімізді марапаттарымен шын жүректен құттықтаймыз! Еңбектеріңіз әрдайым еленіп, абыройларыңыз асқақтай берсін! Шәкірттеріңіздің жетістігіне қуанып, биік белестерді бағындыра беріңіздер! Еңбектеріңізге толағай табыс, шығармашылық шабыт, отбасыларыңызға амандық пен бақ-береке тілейміз!